Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Германия Гран-приі мәресіне жетті. Осымен 38-рет ұйымдастырылған додаға 23 мемлекеттен балуандар жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Халықаралық турниріде ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Жарақатына байланысты біраз үзіліс алған Айдос Сұлтанғали (60 келі) екі күн бойы қарсылас шақ келтірген жоқ. Отандасымыз финалда америкалық Ильдар Хафизовты 6-5 есебімен ұтты.

Финалға шыққан тағы бір қазақстандық балуан 55 келідегі Марлан Мұқашев күміс жүлдегер атанды. Айналмалы жүйе бойынша өткен сында жарыс қожайыны Фабиан Шмитт топ жарды.