Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова WTA жаңартылған рейтингісіндегі орнын айтарлықтай жақсартты.

18 жастағы қазақстандық теннисші рейтингтегі 1056-шы орыннан 958-ші орынға көтерілді. Сондай-ақ, әйелдер арасындағы жекелей рейтингте Жібек Құламбаева 438-ші орыннан 436-шы орынға көтерілді.

Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі төртінші орнын сақтап қалды. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 18 позиция жоғалтып, 61-ші орыннан 79-ға түсті. Гозаль Айнитдинова бір (543-тен 544-ке), Анна Данилина екі (863-тен 865-ке) қатар төмен түсті.