Шабуылшы Андрей Яковлев атыраулық «Бейбарыс» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі хоккейшімен бір маусымға келісімшарт жасағанын хабарлады.

29 жастағы хоккейші өткен маусымда қарағандылық «Сарыарқада» өнер көрсетті. Қазақстан чемпионатында 22 кездесуге қатысып, 10 (3+7) ұпай жинады. Бұған дейін ол астаналық «Номад» сапында өнер көрсеткен.