14 қазанда бокс кеші өтеді, оның басты жекпе-жегінде жеңілмеген Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО) WBA GOLD World және IBO World титулдарын сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біршама уақыт жүгіріп, ақыры бұған қол жеткіздік. Бұл біздің Лас-Вегасқа сапарымыздың басты мақсаттарының бірі болды. WBA ресми өкілімен кездестім. Келіссөзден кейін титул біріктіретін жекпе-жек ұйымдастыруға келісім алдық», - деп түсіндірді Тұраровтың промоутері Ұля Мұсаханов.

Тұраровтың жекпе-жегі өтетін қала мен қарсыласы қазірше белгісіз.