«Пари Сен-Жермен» командасының бразилиялық шабуылшысы Неймар мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады – ол «Аль-Хилал» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

L'Equipe хабарлағандай, Неймар саудиялық клубпен 2+1 схемасы бойынша келісімшартқа отырған.

Бұған дейін БАҚ-та Неймардың «Аль-Хилалда» маусымына 100 миллион еуро алатыны туралы ақпарат тараған. Шамамен осыншама соманы саудиялық клуб бразилиялық шабуылшының трансфері үшін ПСЖ-ға төлейді.

Айта кетейік, 31 жастағы Неймардың ПСЖ-мен келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін жарамды. Шабуылшы өткен маусымда 29 ойынға қатысып, 18 гол соқты және 17 нәтижелі пас берді.