EverythingBoxing твиттер парақшасы орта салмақтағы WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегі туралы ақпарат жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бір оқырман автордан Жәнібек пен британиялық Феликс Кэш (16-0, 10 КО) арасында жекпе-жек өте ме деп сұрады.

«Жәнібек қазан айында Хьюстонда жекпе-жек өткізетін көрінеді. Бұл Кэшке қарсы жекпе-жек бола ма, жоқ па, білмеймін », - деп жауап берді EverythingBoxing.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін мамыр айында Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өткізді, онда жерлесіміз канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.