«Қайрат» бас бапкері Кирилл Кекер «Тобылды» жеңгеннен кейін (2:1) журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.– Ауыр, бірақ лайықты жеңіспен құттықтаймын. Ойын жоспары қандай болды? «Тобылдың» құрамды ротациялағаны білінді ме?

– «Тобылдың» барлық матчын көретін болсаңыз, онда олар кімнің шыққанына қарамастан әрқашан бірдей ойнайды. Кейбір ойыншылардың деңгейі жоғары, ал қалғандарыныкы төменірек. Бұл ойынға әсер етеді. Шыны керек, бізге қарсы 5 легионер, ЕЭО-дан 4 ойыншы және 2 қазақстандық шықты. Олардың ротация жасағанына мүлде мән бермейміз. Ең алдымен, ойынымыз өзімізге ғана байланысты. Құрамымызды жиі өзгертеміз, өйткені жаттығуға қарап, барлығына ойнауға мүмкіндік береміз.– Арнайы біреуге қарсы ойнадыңыздар ма? Мысалы, Деблеге қарсы.

– Олардың командасын, ойыншыларын жеке-жеке талдадық. Дебленің белгілі бір қасиеті бар білікті әрі жақсы футболшы екені анық. Алаңға шыққанда оның өте жылдам ойыншы екенін байқадық. Маки мен Сашаға оған қарсы қатал ойнауды айттым.