Стамбулда өтетін жасөспірімдер Гран-при сериясының үшінші кезеңінде мәнерлеп сырғанау жарысына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Жекелей сында еліміз атынан Никита Кривошеев шығады, Никита Козлов пен Олег Мельников резервте. Қыздар арасында Қазақстан атынан Екатерина Балюба өнер көрсетеді, қосалқы тізімде София Фарафонова және Анна Левковец бар. Жұптық сында Ева Шелаева мен Иван Соловьев өнер көрсетеді.

Айта кетейік, кезең 6-9 қыркүйек аралығында Ыстамбұлда өтеді.