Америкалық миллиардер Марк Цукерберг Илон Масктың Римдегі жекпе-жек туралы сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маск бұған дейін Цукербергке қарсы жекпе-жек Римнің әсерлі жерінде өтетінін және одан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа кететінін айтқан.

«Мен бұл спортты жақсы көремін және Илон мені шақырған күннен бастап жекпе-жекке дайынмын. Егер ол белгілі бір күнді қабылдаса, мен бәрін айтып беремін.

Сол уақытқа дейін Масктің айтқанының бәрі әлі келісілген жоқ деп есептеңіздер», - деп жазды Цукерберг әлеуметтік желіде.