Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина жартылай финалдық кездесуде ресейлік Людмила Самсоновамен кездесіп, 6:1, 1:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Людмила финалда бірінші жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекті жеңген америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.

Еске салайық, Монреальдағы турнир 7-13 тамыз аралығында өтіп жатыр.

Елена Рыбакина (Қазақстан) – Людмила Самсонова (Россия) 6:1, 1:6, 2:6Эйстер:11:8Брейктер:3:5Матчтың ұзақтығы: 1 сағат 44 минут.