Ева Корышева Бельгияда өткен жасөспірімдер арасындағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбелік Ева Корышева Хассельт қаласында (Бельгия) өткен Tennis Europe сериясының бірінші санатындағы Young Champions Cup (14 жасқа дейінгі ойыншылар) жасөспірімдер арасындағы беделді және ең үлкен турнирдің жеңімпазы атанды.

Финалда 14 жастағы қазақстандық спортшы түрік теннисшісі Зумра Балканды 6:2, 7:5 есебімен ұтты.