Еуразиялық жекпе-жек лигасының тарихында Әзербайжандағы тұңғыш турнирде жеңілмеген қазақстандықтар жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz OCTAGON лигасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 тамызда OCTAGON 48 шарасы аясында жеңілмеген «Питон» лақап аты бар Тимур Қуаныш (2-0) түрік өкілі Кемал Салихпен (1-3) кездеседі.

Жекпе-жек кешінің басты шайқасында әзірбайжандық Гундуз Набиев (6-4) пен өзбекстандық Ислом Болтаев (3-2) орта салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін таласады.

Сондай-ақ шара аясында жеңіл салмақ дәрежесінде тізе бүкпеген Роял Лейлизаде (5-0) мен тәжікстандық «гангстер» Шерзод Ибодиллоев (6-1) арасындағы қызықты жекпе-жек жоспарланған.