Араб чемпиондары Кубогы финалында «Әл-Наср» мен «Әл-Хиләл» командалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матчтағы есепті «Әл-Хиләл» ойыншысы Майкл екінші таймның басында ашты. Артыншы Роналду таразы басын теңестірді. Негізгі уақыт тең аяқталып, футболшылар экстра-таймға шықты.

Экстра-таймда Роналду дубль авторы атанып, командасына жеңіс сыйлады.