«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси Лига кубогының ширек финалында «Шарлоттқа» қарсы ойында (4:0) гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kzтілшісіСпорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап.

36 жастағы аргентиналық үшін бұл клуб сапындағы бес ойындағы сегізінші гол болды. Ол Роберт Тейлормен теңесіп, клуб тарихындағы «Интердің» үздік үш бомбардирінің бірі атанды. Көш басында Гонсало Игуаин (29 гол), ал екінші орында Леонардо Кампана (16 гол) тұр.

15 шілдеде «Интер Майами» Мессидің ауысқанын жариялады. Ол америкалық клубпен 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін келісімшарт жасасты.

Фото: «Интер Майами» ФК