Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреальдағы турнирдің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина ширек финалда ресейлік Дарья Касаткинаны 5:7, 7:5, 7:6 есебімен жеңді.

Келесі айналымда отандасымыз тағы бір ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі.

Айта кетейік, Монреальдағы турнир 7-13 тамыз аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жекелей сынның жалпы жүлде қоры 2,7 миллион доллар. Турнирдің қазіргі жеңімпазы Симона Халеп.