Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (19-1, 14 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңа рейтингінде үш саты төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ахмедов супер орта салмақтағы IBF рейтингінде 9-орыннан 12-орынға сырғыды.

Али Ахмедовтің еншісінде IBF North American және WBC Silver белбеуі бар. Ол кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы қыркүйекте өткізіп, америкалық боксшы Габриэль Росадоны (26-17-1, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңді.