«Астана» баскетбол клубының капитаны Рустам Мырзағалиев командада қалатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ойыншының жаңа келісім-шарты тағы екі маусымға ұзартуға мүмкіндік береді.ВTБ Бірегей лигасының өткен маусымында Рустам 27 ойын өткізіп, бір ойынға орта есеппен 6 ұпай және 2.1 нәтижелі пас жинады. Сондай-ақ, ол Қазақстан Кубогының MVP және үш ұпайларды іске асыру бойынша ҚР Ұлттық лигасының үздігі болды.Біз клубтың тәжірибелі қазақстандық ойыншысының бірімен жаңа келісім жасасқанымызға қуаныштымыз!Негізгі команда жаттығуды 15 тамызда бастайды.