«Бавария» үлкен трансферге жақын. Неміс клубы «Тоттенхэммен» Харри Кейнді сатып алу туралы келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі The Athletic сайтына сілтеме жасап.

Журналист Дэвид Орнштейн «Тоттенхэм» мюнхендіктердің 100 миллион еуродан асатын ұсынысын қабылдағанын айтты.

Бірақ бұл Кейн 100 пайыз жаңа командаға кетеді деген сөз емес. Барлығы ойыншыға байланысты. Шабуылшы бұған дейін Лондонда қалғысы келетінін мәлімдеген, бірақ енді клубтар арасындағы келісімнен кейін ол нақты шешім қабылдауы керек.

Кейн «Тоттенхэм» сапында 435 ойын өткізген. Бұл ойындарда ол 280 гол соғып, 64 нәтижелі пас берді.