Ресейлік Virtus.pro командасы CS:GO-дан CCT 2023 Online Finals 2 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионаттың финалында команда Team Spirit командасынан 2:0 есебімен басым түсті (Overpass-та 16:11 және Vertigo-да 19:16).

Жеңіс үшін VP 100 мың доллар және CCT Global Finals 2024 слотына ие болды. Екінші финалист 40 мың доллар, сонымен қатар CCT Global Finals 2024 слотына иеленді.

CCT Online Finals #2 турнирі 2-9 тамыз аралығында өтті. Жалпы жүлде қоры 200 мың доллар құрады.