Ауыр атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды. Бұл жөнінде Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Снегуров Иван Сергеевич еліміздің әйелдер құрамасының тізгінін ұстады. 1988 жылы Қарағанды облысы Шахтинск қаласында дүниеге келген. Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бапкерлік қызметтегі тәжірибесі - 14 жыл.

ҚР еңбек сіңірген және жоғары санатты жаттықтырушы. Қазақстан және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, Азия және халықаралық чемпионаттардың чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеп шығарды.