УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу сатысында «Ақтөбе» Румынияның «Сепси» командасына қарсы алғашқы ойынын өткізді.

Кездесу барысында алғашқы минуттан екі команданың да есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болған еді. Десе де ойыншылар өз мүмкіндігін мүлт жіберіп алып жатты.

Екінші кезеңде румыниялық клуб басымдығын арттыра түсті. Оған қазақстандық команда лайықты төтеп бере білді.

Екінші кезеңнің 65-минутында әріптесі Максим Самородовтың әуелете көтерген добын Элдер Сантана «Сепси» қақпасына соғып кетті. Оған румыниялық клубтан Роланд Варга 89-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.