Мадридтік «Реал» мен Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Курта ұзақ уақыт алаңға шықпайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридтік клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, Куртуа тізесінен жарақат алған. Жақын күндері футболшыға ота жасалады. БАҚ хабарлауынша, ойыншы жарақатты жаттығу кезінде алған.

2022/23 маусымында 31 жастағы Куртуа клубтық деңгейде 49 кездесу өткізіп, 49 гол жіберіп алды.

Еске салайық, осы аптада Испания чемпионаты басталады. «Реал» алғашқы ойынын 12 тамызда «Атлетик» Бильбаоға қарсы өткізеді. Басталуы Астана уақытымен 01:30-да.