Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тобылдың» қарсыласы Солтүстік Ирландия қаласының клубы, бірақ Ирландия чемпионатында ойнайтын «Дерри Сити» болды.

Қостанайда өткен матчта қазақстандық клуб жеңіске жетті. 65-минутта Роман Асранкулов сол аяғымен алыс тоғыздықты дәл көздеп, жеңіс голын соқты - 1:0.

Енді қарымта матч 17 тамызда «Дерри Ситидің» стадионында өтеді.

Конференция лигасы. Үшінші іріктеу кезеңі. Бірінші матч

«Тобыл» (Қостанай) - «Дерри Сити» (Солтүстік Ирландия) 1:0 (0:0)

Гол: Асранкулов 65