Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Балоевтың (12-1-1, 8 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Балоев рингке 10 қыркүйекте Қытайдың Ухань қаласында шығады, Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ, бірақ жекпе-жекте WBO Global титулы сарапқа салынады.
Али Балоев алдыңғы жекпе-жегін 18 наурызда Дубайда (БАӘ) өткізіп, ресейлік Курейш Саговпен (8-2-1, 4 КО) тең түскен.
Комментарии