«Барселона» сапына жақында қосылған орталық жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоганды тіркей алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталониялық клубта футболшыларды тіркеу кезеңінде қиындық туындаған. Тізімге 23 футболшының 10 тіркелмеген. Олар Рональд Араухо, Серхи Роберто, Маркос Алонсо, Игнасио Пенья, Клеман Лангле, Сержиньо Дест, Ориоль Ромеу, Абдессамад Эззальзули, Иньиго Мартинес және Илкай Гюндоган

Айта кетейік, Гюндоган 2016 жылдан бері «Манчестер Сити» сапында доп теуіп жүр, Англияның бес дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңіп алды.