UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Асу Алмабаев Қазақстанға оралып, баспасөз мәслихатын өткізді.

Шара барысында спортшының бапкері Әзиз Разыев келесі айқастың қашан өтуі мүмкін екенін айтты.

- Шамамен қазан-қараша айлары. Бұл уақытқа дейін Асу қайта қалпына келіп үлгереді. Тек Абу Дабиде емес. Өйткені ол жақта кард толы. Оның үстіне Асудың өзіне Америкада жұдырықтасуды қалайды, - деді бапкері.

Өткен демалыс күні Асу Алмабаев өзінің дебюттік жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап, нәтижесінде Fightmatrix сайтының нұсқасы бойынша ең жеңіл салмақтағы UFC-дің ТОП-20 жауынгерлер қатарына енді.