Асу Алмабаев UFC спорт турниріндегі жеңісті жекпе-жегінен кейінгі алдағы жоспарларымен бөлісті. Өткен демалыс күні ол өзінің дебюттік жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап, нәтижесінде Fightmatrix сайтының нұсқасы бойынша ең жеңіл салмақтағы UFC-дің ТОП-20 жауынгерлер қатарына енді.

Асудың айтуынша, тек қажырлы дайындық пен мақсатқа ұмтылыс, сондай-ақ қазақстандықтардың сенімі мен қолдауы оған екінші раундта ямайкалық Оде Осборнды тұншықтыруәдісімен жеңуіне көмектесті.

"DAR Team командасы және Алидар Өтемұратовтыңқолдауының арқасында қазақстандық спорт дамып келеді және еліміз әлемдік деңгейде барған сайын танылуда. Мұндай қолдау мен күш-жігер менің спортшы ретінде және жеке тұлға ретінде өсуіме ықпал етеді. Сондай-ақ мен барлық командаға және қазақстандықтарға маған көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғысымды білдіремін ", - деді Зұлфикар.