Бүгін елордалық «Барыс» Татарстан астанасы Қазанда шайбалы хоккейден «TANECO Кубогы» турниріндегі алғашқы ойынын Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық клуб үшін «Локомотивпен» кездесу жаңа маусымға дайындық есебінде ерекшеленеді. Ойынға қазақстандық команданың жаңа хоккейшілері қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында Джозеф ЛаБейт, Понтус Оберг, Райли Барбер мен Давид Скленичка бар.

Ал «Барыс» сапына қайта оралған Роман Старченко турнирдегі бірінші ойынға қатыса алмауы әбден мүмкін.