Қазақстандық теннисші Андрей Голубевтың Баня-Лука қаласында (Босния) өтіп жатқан турнирдегі қарсыласы белгілә болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз жұптық сайыста украиналық Денис Молчановпен бірге өнер көрсетіп жатыр. Олар 1/4 финалында швед Драгос Николае-Мадарас және украиналық Эрик Ваншельбойм жұбымен кездеседі.

Кездесу 10 тамызға Астана уақытымен 17:30-ға жоспарланған.

Айта кетейік, Голубев пен Молчанов жұбы 1/8 финалда беларусь Иван Лютаревич пен украиналық Владислав Манафаровты 6:3, 6:3 есебімен жеңді.