Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-дегі сәтті дебютінен кейін Алматыға оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Алмабаев елдегі жаттығу залына оралып, әріптестеріне әлемдегі ең үздік промоушеннің экипировкасын табыс етті.

Айта кетейік, 6 тамызда Нэшвиллде (АҚШ) өткен UFC турнирінде Асу Алмабаев (18-3) ямайкалық файтер Оде Осборнмен (12-6) кездесті. Жекпе-жек екі раундқа созылып, Алмабаев қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.