Prosports.kz назарларыңызға УЕФА Конференция лигасы 3-іріктеу кезеңіндегі «Сепси» — «Ақтөбе» және «Тобыл» — «Дерри Сити» матчының тікелей трансляциясын ұсынады.
Бейсенбі, 10 тамызда Қостанайда «Тобыл» мен Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» командасы арасында Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны өтеді.
«Тобыл» — «Дерри Сити» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады, ойынды «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Ал «Сепси» — «Ақтөбе» матчы Астана уақытымен 23:00-де басталады. Бұл кездесуді де «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Комментарии