Бейсенбі, 10 тамызда «Барыс» хоккей клубы Қазанда хоккейден маусым алдындағы «Кубок TANECO» турнирі аясында ярославльдік «Локомотивпен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Локомотив» — «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 15:50-де басталады, ойынды «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, турнирге сондай-ақ «Ақ Барс» пен «Трактор» командалары қатысады.