«Зенит» Ресей кубогының топтық кезеңінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Петерборлықтар сырт алаңда «Крылья Советовты» 1:0 есебімен ұтты.

Жалғыз гол екінші таймда соғылды. 50-минутта Иван Сергеев мергендік танытта.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зениттің» негізгі сапында шығып, матч бойы өнер көрсетті.