Асу Алмабаев жекпе-жек алдында сол қолын жарақаттағанын, бұл жекпе-жектің өтпей қалу қаупін тудырғанын айтып берді.

- Қатты қорқыныш болды – дебют, бұған барымды салдым, кенеттен жарақат алып қалдым... Бас тартқым келді, шынымды айтсам, әр түрлі ойлар болды. Бір қолмен жеңу мүмкін емес қой. Салмақ қуалап жүруп, қолымды одан да бетер ауыртуым мүмкін еді. Бір қолмен қалай күресесің", - дейді Алмабаев.