Бүгін, 8 тамыз күні Барселонада Джоан Гампер кубогы аясында жергілікті аттас клуб пен лондондық «Тоттенхэм Хотспур» арасындағы кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу «Олимпик Льюис Компани» стадионында өтіп, 4:2 есебімен «Барселонаның» пайдасына аяқталды.

Каталондықтардың құрамында Роберт Левандовски, Ферран Торрес, Ансу Фати және Эзе Абде болды.