«ПСЖ» Килиан Мбаппеге қатысты барлық мәліметті клуб жүйесінен өшіріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Париждік клуб «Парк де Принс» стадионындағы плакаттан Мбаппенің суретін алып тастады.

French Football Weekly басылымының хабарлауынша, Мбаппенің жейделері де ресми дүкендерде сатылымнан алынады деп жоспарланып отыр.

Бұған Мбаппенің келісімшартты ұзартқысы келмеуі себеп болды, ойыншы «Реалға» ауысқалы отыр.