Түркиялық футбол агенті Адем Чебеджи ЦСКА жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновтің «Бешикташқа» ауысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Metaratings.ru-ға сілтеме жасап.

«Зайнутдинов Түркия чемпионатының сәніне айналады. «Бешикташтың» ол үшін бес миллион еуродан артық төлейтініне күмәнім бар еді, бірақ қазір бұл трансфер жүзеге асады деп ойлаймын. Шенол Гюнеш еңбекқор футболшыларды жоғары бағалайды. Зайнутдинов Түркияда алаңға көп шығатынына сенімдімін», - деді Чебеджи.

Шілде айының соңында Зайнутдиновтің 3 миллион еуроға «Бешикташқа» ауысуы мүмкін екені хабарланған болатын.