Еуразиялық жекпе-жек лигасы OLIMPBET серіктестігімен ұйымдастырған OCTAGON SELECTION 24 көрме турнирі аясында кештің кезекті жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта Бекжан Құралбай Жігер Дулатбековпен (1-1) қарым-қатынасын қапаста анықтады.

Шайқастың бастапқы сәттері айтарлықтай қызу болып, жекпе-жектегі бастама бір файтерден екіншісіне ауысты.