OCTAGON лигасы жартылай орта салмақта болған өзгерістер туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жеңілмеген Магомед Магомедов (12-0) жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді босатып берді.

Магомедов бұл титулды 2022 жылдың қыркүйегінен бері оның бұрынғы қазақстандық Бауыржан Қуанышбаевты (15-5) жеңгеннен кейін иемденген. Кейін қырғызстандық Санжар Әжібаевпен (25-12) және қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевпен (22-10-1) жекпе-жек өткізіп, екі рет белбеуді сәтті қорғады.

Айта кетейік, Еуразиялық жекпе-жек лигасының кезекті турнирі – OCTAGON 48, 18 тамызда Әзірбайжан астанасында өтеді. Жарыстың негізгі белдесуінде әзірбайжандық Гундуз Набиев (6-4) орта салмақтағы «уақытша» титулды өзбекстандық Ислом Болтаевпен (3-2) сарапқа салады.