«Бешікташ» бас бапкері Шенол Гюнеш ЦСКА-да ойнап жүрген қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдиновті бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Зайнутдинов сол қапталдағы қорғаушы, сол қапталдағы вингер, жартылай қорғаушы, орталық қорғаушы позицияларында ойнай алады. Ол біз үшін мінсіз футболшы», - деп келтірді Гюнештің сөзін журналист Гекмен Озджан.

Еске салайық, бұған дейін «Бешікташ» Зайнутдиновті сатып алу үшін ЦСКА-мен келіссөз жүргізген. Алайда кейін түркиялық клуб бұл трансферден бас тартқаны хабарланған. Зайнутдиновтің ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылы аяқталады.