«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы «Ақтөбемен» өткен ойын, соққан голы және стадиондағы атмосфера туралы айтты. – Дима, ойын туралы пікіріңді айта кетсең.– Көп күш жұмсадық. Расында, өте қиын матч болды. Шынымды айтсам, соңына дейін күрестік, бірақ, өкінішке қарай, өзіміз жіберген қателерге байланысты үш ұпайды жіберіп алдық. Жалпы, біз нұсқауды орындадық, бірақ нақты жеке сәттердің кесірінен жеңе алмадық. – Гол соққан сәтің туралы айтшы. Сырттан қарағанда, алдымен стандартты өзің орындағың келген сияқты көрінді, бірақ содан кейін ойыңды өзгерттің. – Сол позиция тебуге де, көтеруге де ыңғайлы болды. Осы нүктеден Жо, мен және Лёва стандарт орындаймыз. Допқа жақындап, ақылдасып, бұл жағдайда көтерген дұрыс деп шештік те, мен айып алаңына бардым. – Стадиондағы атмосфера қалай? Команданы қолдауға келген жанкүйерлерімізге не айтар едің? – Атмосфера керемет. Қалай болғанда да, адам көп келетін стадиондарда ойнаған жақсы. Трибуна толы болған тамаша ғой. Стадионға келіп, алаңға шыққанымызда бізді қарсы алып, ойын бойы қолдаған жанкүйерлерімізге көп рақмет. Олардың алдында үш ұпай ала алмағанымыз өкінішті. Үйде қатемізді жуып-шаямыз. «Тобылға» қарсы матчқа мүмкіндігінше көп көрермен келіп, «Ақтөбемен» өз алаңымызда өткен ойындағыдай ғажайып атмосфера болады деп сенемін. – «Астана» мен «Тобылға» сырт алаңда гол соғып үлгердің. Тамыз айында олармен үйде ойнаймыз. Оларға қайтадан гол соғу жоспарыңда бар ма? – Әрине. Кез келген футболшы алаңға шыққанда гол соғып, командасына көмектескісі келеді деп ойлаймын. Мен гол саламын деген үміттенемін. – Командада жүргеніңе 5 ай болды. Сен толық бейімделдім деп айта аласың ба? Саған Алматыда тұрған ұнай ма? – Қазір ұнайды деп сенімді түрде айта аламын. Мен команданың қандай принциптермен ойнайтынын түсіндім. Әу бастан барлық жігіттермен тіл табысып, енді бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Алматы – таңғажайып қала. Осында болғаныма өте қуаныштымын. Мен мұнда өзімді өте жайлы сезінемін.