Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті.

Жүздесуде ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов инфрақұрылымды жақсарту үшін УЕФА-мен бірлестікте футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасының маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, ауыл жастарының футбол машықтарын дамыту үшін Маңғыстау облысындағы екі ауылда футбол алаңдарының құрылысы жоспарланғанын айтты.

Кездесу барысында Әділет Барменқұлов пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі бұқаралық футболды дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады. Әділет Барменқұлов облыста жүзеге асырылатын негізгі бағдарламаларға тоқталып өтті.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлерде бұқаралық футболды дамыту федерацияның алға қойған басым міндеттерінің болып табылады. УЕФА-мен бірлескен футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасы өңірлердегі футбол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Біз жаңа және жаңғыртудан өткен футбол алаңдары арқылы бұл ойынды қол жетімді етуге тырысамыз. Аймақ басшыларымен бірлесіп, бағдарламаны сапалы жүзеге асыру үшін үлкен жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Маңғыстау облысының екі ауылында футбол алаңдарын салу жоспарда бар. «Ауылдардағы футбол» бағдарламасы аясында ауыл жастары өздерінің футбол машықтарын дамытуға мүмкіндік алады», – деп атап өтті ҚФФ басшысы.