Француздың "ПСЖ" футболшылары Азия турынан оралып, жаттығуға кірісті. Алайда, бұл тізімде, сондай-ақ Азия бойынша "саяхатта" да жетекші шабуылшы Килиан Мбаппе көрінбейді. Ол, әзірге келісімшарты аяқталған ойыншылармен бірге жаттығып жүр екен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Футболшының мұндай жазаға ұшырауының басты себебі - Париж клубы басшылығына оның арадағы келісімшартты ұзартуға ниетті болмауы ұнамаған. Ашуға мінген ПСЖ егесі Насыр әл-Хелаифи Мбаппені негізгі команда сапына қосудан бас тартты. Ол Килиан өзіне опасыздық жасады деп санайды және оны кешіргісі де жоқ.

ПСЖ Мбаппесіз Жапония мен Кореяға гастрольдік сапарда төрт жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде жеңіліске ұшыраса, бір рет тең түсті, тағы бір жеңісі де бар. Париждіктердің испан тәлімгері Луис Энрике форвардқа арқа сүйеп, оны команда сапында қалдырғысы-ақ келеді, бірақ клуб басшылығы бұл шешімге рұқсат бермеді. Сондықтан Мбаппенің 12 тамызда өтететін "ПСЖ"-"Лорьян" кездесуіне қатысу-қатыспауы белгісіз.