«Тобыл» мен ирандиялық «Дерри Сити» арасындағы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы ойын 10 тамызда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тобыл» — «Дерри Сити» матч 10 тамыз күні сағат 20:00-де Қостанайда өтеді. Қарымта кездесу бір аптадан кейін, 17 тамызда сырт алаңда өтеді.

Айта кетейік, «Тобыл» Конференция лигасындағы жорығын бірінші іріктеу кезеңінен бастады. Алғашқы айналымда финляндиялық «Хонканы» (2:1), екінші айналымда швейцариялық «Базельді» (4:3) жеңді.