Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов инстаграм парақшасында қарындасы Сора Рахмонова туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шавкат әлеуметтік желідегі парақшасында қарындасымен бірге түскен видео жариялап, «жақында UFC!» деп жазды.

26 қыркүйекте Сора Рахмонова Dana White’s Contender Series шоуы аясында АҚШ-та литвалық спортшы Эрнеста Карецкайтемен кездеседі.