7 тамызда Ньон қаласында (Швейцария) УЕФА Конференция лигасына іріктеу турнирі плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирде Қазақстан атынан екі команда «Ақтөбе» мен «Тобыл» бақ сынап жатыр.

Айта кетейік, үшінші айналымда «Ақтөбе» «Сепсимен» (Румыния), ал «Тобыл» «Дерри Сити» (Ирландия) командасымен кездеседі.

Жеребе қорытындысында, «Ақтөбе» плей-офф кезеңіне өтсе, «Будё-Глимт» (Норвегия)/«Пюник» (Армения) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал «Тобыл» - «Дерри Сити» жұбының жеңімпазы плей-оффта «Виктория Пльзень» (Чехия)/«Гзира Юнайтед» (Мальта) текетіресінің жеңімпазымен ойнайды.

«Астананың» Еуропа лигасы плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды