18 тамызда Бакуде өтетін OCTAGON 48 турнирінде аралас жекпе-жек өнерінің екі ардагері кездеседі, деп жазады Prosports.kz

«Барс» лақап аты бар қазақстандық Руслан Серікпулов (17-17) тәжірибелі әзербайжандық файтер Акшин Бабаевпен (22-9) реванш өткізеді. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді, олар октагонда екінші рет кезлескелі отыр. 2017 жылғы алғашқы жекпе-жекте Серікпулов мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Әзербайжан өкілі Гундуз Набиев (6-4) пен өзбекстандық Ислом Болтаев (3-2) орта салмақтағы «уақытша» титулды сарапқа салады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink