OCTAGON Еуразиялық лигасы OLIMPBET-пен бірге ұйымдастырған OCTAGON SELECTION 24 турнирінде кәсіпқой спортқа аяқ басқан тағы бір файтердің жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz

Жеңіл салмақта Түркиядан келген 18 жастағы боксшы Әлімжан Аббасов (1:0) қазақстандық 19 жастағы дебютант Нұрасыл Шәбішевпен кездесті.

Екінші раундтың соңында Аббасов қылқындыру әдісін сәтті орындап, жеңіске жетті.