Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик 25-тен 28-орынға түсіп кетті.

Сондай-ақ Тимофей Скатов 131-ден 132-ге, Михаил Кукушкин 227-ден 235-ке, Бейбіт Жұқаев 258-ден 260-қа сырғыды.

Есесіне өткен екі аптада сәтті өнер көрсеткен Денис Евсеев 340-тан бірден 309-орынға көтерілді.

Рейтингтегі үздік үштікте ешқандай өзгеріс жоқ: испаниялық Карлос Алькарас бірінші, сербиялық Новак Джокович екінші, ресейлік Даниил Медведев үшінші сатыда.

Жұптық сында да нидерландылық Уэсли Колхоф, британиялық Нил Скупски және америкалық Остин Крайчек көштің алдын берер емес.

Өткен аптада Аустриядағы жарыстың финалына дейін жеткен қазақстандық Александр Недовесов 45-тен 44-ке жоғарылады. Бұл – оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші. Андрей Голубев 83-тен 81-ге ауысты.