«Қайрат» бас бапкері сырт алаңда өткен «Ақтөбеге» (4:2) қарсы матч туралы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

– «Қайрат» пен «Ақтөбе» ойыны – Қазақстан футболындағы ең үздік текетірес. Алматыда да, осында да тамаша атмосфера болды. Мұндай матчтарда жеңіске жету үшін қорғаныста өрескел қате жібермеу керек, сонымен қатар өз мүмкіндігімізді пайдалануымыз қажет. – Стадиондағы көгалдың сапасы қалай?

– Алаңның жағдайы былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Алаңдағы жағдай бәріне бірдей. – Офри Арад пен Виктор Васин орталық қорғаушылар қаншалықты жетіспеді?

– Бұл туралы айтпай-ақ қояйын. Ойнауға дайын жігіттер шықты. Байқасаңыз, бұрынғы ойындармен салыстырғанда өте жас құрам ойнады. – Ақтөбеге «Қайрат» жанкүйерлері келді. Олардың қолдауы командаға қалай әсер етті?

– Әрине, өте қуаныштымыз. Өкінішке қарай, оларды қуанта алмадық. Олар ұзақ жол жүріп келді. Біз олардың қолдауын естіп, сезіндік. Жанкүйерлердің бізді Алматыда ғана емес, қонақта, әсіресе Ақтөбеде де қолдағаны өте қуанышты.